RU

Маңғыстауда әйел адамды көлік қағып өлтірді

Маңғыстау облысында Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан әйел адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Ақшұқыр ауылының маңында болған деп жазады lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Оқиға 13 қаңтар күні орын алған. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жаяу жүргінші әйелді қағып кеткен. Аса ауыр жарақат алған келіншек оқиға орнында жан тапсырған.

Полиция қайғылы жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімеді. Оның аясында бірқатар сараптама жүргізілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773603-magystauda-jel-adamdy-klik-kagyp-ltirdi.html