Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғаламның үздік дауысы": Димаш Құдайберген екінші орынға бір-ақ көтерілді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген америкалық "Ғаламның үздік дауысы" байқауында 35-ші орыннан екінші орынға бір-ақ көтерілді деп жазады NUR.KZ.

Қазіргі таңда, тізімде бірінші болып Queen тобының әншісі Фредди Меркьюри келе жатыр. Екінші орынға қазақ атын әлемге танытып жүркін отандық әнші Димаш Құдайберген орнықты. Ол поп-музыка королі атанып кеткен Майкл Джексонды артта қалдырған.

Димаш Құдайберген небәрі сегіз сағат ішінде Пол Маккартни, Элвис Пресли, Джон Леннон, Селин Дион, Элтон Джон сынды тарихи тұлғаларды басып озды.

Фото: Скриншот ranker.com
Фото: Скриншот ranker.com: Instagram

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің "Ғаламның үздік дауысы" шоуында бақ сынап жатқаны жөнінде мәлімдеген болатынбыз. Дауыс беру ranker.com сайтында жүріп жатыр. Кез келген қазақстандық Димашқа қолдау білдіріп, өз дауысын беру мүмкіндігіне ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773607-galamny-zdik-dauysy-dimas-kdajbergen-ekinsi-orynga-bir-ak-kterildi/

pixel