RU

Қазақстанға бірнеше жәшік қытай дәрілерін алып кірмек болған азамат ұсталды

Қытай дәрілеріне толы бірнеше жәшікті ел аумағына алып кірмек болған ер адам "Қорғас" бекетінде ұсталды. Бұл туралы ҰҚҚ ШҚ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі
Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі: Facebook

Оқиға 15 қаңтар күні "Қорғас" шекаралық бақылау отрядының бөлімінде орын алды. Шекаралық бақылау қызметкерлерінің күшімен МЦПС-тен Қазақстанға бет алған 21 жастағы ер адам ұсталды.

Ол шекара арқылы қытайлық дәрі-дәрмекке толы төрт жәшікті өткізбек болған. Дәрілердің жалпы салмағы 68,5 келіні құрады.

Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі
Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі: Instagram

Жүк "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылған. Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәшіктер иесі жауапкершілікке тартылақ.

Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі
Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі: Facebook

Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі
Фото: ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773608-kazakstanga-birnese-zsik-kytaj-drilerin-alyp-kirmek-bolgan-azamat-staldy.html