Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбөкендерге араша түсемін деп қаза тапқан инспектордың суреті жұрттың көңілін босатты

Опубликовано:

ІІІМ мен Бас прокуратура Қарағанды облысындағы табиғат қорғау иснпекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты істі жіті бақылауына алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

ІІМ-нің мәліметінше, инспекторларды соққыға жығып, қансыраған күйі далаға тастап кеткендер анықталған. Тек оларды ұстау ғана қалыпты.

Құзырлы орган тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат берілмейді деп отыр. Дегенмен бас прокурордың орынбасары тергеуді жіті бақылауға алғандарын айтады.

"Кім және дәрежесі қандай екеніне қарамастан осы баптың аясында қатаң жазаға тартылады. Өйткені істі ішкі істер министрі мен бас прокуратура бақылауға ұстап отыр. ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ жасақталып Қарағандыға жіберілді. Қазір олар жан-жақты тергеуге араласып жатыр", - деді бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин.

Табиғат қорғаушыларының айтуынша, кейінгі кезде браконерьлер көбейіп кеткен. 2018 жылдың өзінде киік атқандарға қатысты 50 қылмыстық іс қозғалыпты. Ұстатпай кеткендері біршама екендігін де жеткізді.

"Охотзоопром" ҚММ директорының орынбасары Жанат Таңсықбаевтың айтуынша, инспектордың бақылауға алатын аумағын азайтуды заңмен бекіту керек. Нәтижесінде инспекторлардың саны артады. Сонымен қатар оларға бронежилет, каска кигізіп, ұстайтын қаруларының да санын арттыру керек деп отыр.

Айта кетейік, браконьерлердің қолынан қаза тапқан табиғат қорғау инспекторы бүгін жер қойнына тапсырылады. 53 жастағы Ерлан Нұрғалиев осы қызметте 2012 жылдан бері тер төгіп келген.

Ал марқұмның қазасына қайғырған қазақстандықтар Ерлан Нұрғалиевтің жантебірентерлік фотосын желіде жариялауда.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, "Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болған қаскүнемдердің ізіне түсу кезінде орын алған.

Нәтижесінде қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды. Ал тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773620-akbkenderge-arasa-tsemin-dep-kaza-tapkan-inspektordy-sureti-zrtty-kilin-bosatty/

pixel