RU
Науқас қырғыз қызының жағдайын сұрап барған Роналду елді сүйсінтті (фото)
Жаңалықтар Спорт

Науқас қырғыз қызының жағдайын сұрап барған Роналду елді сүйсінтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду мен оның әйелі Джорджина Туринде емделіп жатқан кішкентай қырғыз қызының хал-жағдайын білуге келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жаңалықпен Facebook жілісінде қырғызстандық онколог-врач Дамира Байзақова бөліскен.

Дәрігердің мәліметінше, Юна есімді жергілікті кішкентай тұрғыннан сүйек саркомасы анықталған. Балақай қазір Италияның Турин қаласында ем қабылдап жатыр.

Әйел адам қыз баланың халін білуге ФК "Ювентус" бірнеше ойыншысы келгенін оның арасында әйгілі Криштиану Роналдудың да болғанын мақтанышпен айтты. Ол науқас қызға әйелі Джорджинаны ерте келген екен. Олар Юнаға сыйлықтарын табыстаған.

Байзақова өз кезегінде қыз баланың өмірі үшін күресіп жатқан ақ халаттыларға үлкен алғысын айтса, желі қолданушылары балақайдың тезірек сауығып кетуін тілеуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel