Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын Төлепберген Жұлдыз Өмірғалимен бірге алғаш рет ел алдына шықты (видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген әнші әйелімен бірге алғаш рет ел алдына шықты. Екінші мәрте отбасылы болғаны үшін толассыз сынға ұшыраған әртіс сүйіктісімен бірге ән дует болған деп жазады NUR.KZ.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет жұп ретінде үлкен сахнаға шықты. Эстрада әншілерінің бірге өлең орындаған сәті әлеуметтік желіге тарап кеткен. Аталмыш видеода Айқын сүйіктісін қолынан ұстап шығып, оны айнала ән салғаны көрініс тапты.

Жанұя құрып, балалы болған жұлдызды жұп қалың көпшіліктің керағар пікірлеріне ие болған. Алайда, елдің сыны Жұлдыз бен Айқынның қарым-қатынасына мүлде әсер етпесе керек.

Бірге дует болған шоу-бизнес өкілдерінің бір-бірінен көзін аламай тұрғанын аңғаруға болады.

Желідегілер бірге ән айтқан жұлдызды жұпқа қатысты тілегін білдірсе, енді бірі оларды сынап та үлгерген.

"Өте жарасымды жұп. Бақытты болыңыздар" , "Ел не демейді, әркімнің бақытты болуға хақы бар", "Дауыстары да, өздері де келіспей тұр бір-біріне" , "Меніңше өте әдемі жұп. Бір-бірін сүйетіні де көрініп-ақ тұр" , "Бірінші әйелін көрсетпеп еді. Жұлдызды қасынан шығармайды" , "Ел сөзіне мән бермеңіздер. Сіздер ең керемет жұпсыздар" деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепбергеннің әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773630-ajkyn-tlepbergen-zldyz-mirgalimen-birge-algas-ret-el-aldyna-sykty-video/

pixel