Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда түнгі клубта ер адамды өлтіріп кетті

Опубликовано:

Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында орналасқан түнгі клубтың бірінде ер адамды пышақтап өлтірген деп хабарлайды қалалық полицияға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.ykt.ru
Көрнекі фото: news.ykt.ru: Depositphotos

Оқиға бірнеше күн бұрын болған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бұрын сотталған түнгі клубтың күзетшісі өзінің жолдасымен ішімдік ішіпті.

Кейін жігіттер арасында жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Ғимараттың күзетшісі өзінің танысына бірнеше рет пышақ сұққан.

Күдікті ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция, түнгі клубтың қожайыны да сотталған адамды жұмысқа алғаны үшін, сондай-ақ, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапқа тартылғанын айта кетті.

Сонымен қатар, мамандар Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында орналасқан түнгі клуб заңсыз салынғанын анықтады.

Мекеме иесі құзырлы органдардың ғимаратты бұзу туралы талабын ескерусіз қалдырған.

Енді түнгі клуб соттың тәртібімен мәжбүрлі түрде бұзылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773653-almatyda-tngi-klubta-er-adamdy-ltirip-ketti/

pixel