Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасымов Қарағандыда инспекторларға жасалған шабуылға пікір білдірді

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағандыдағы "Охотзоопром" инспекторларына қарсы жасалған шабуыл туралы бірқатар мәліметтермен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Spectr.com.kz
Фото: Spectr.com.kz: Facebook

Қасымов инспекторларға шабуылдаған күдіктілердің анықталғанын, қазір олардың іздестіріліп жатқанын айтты.

Ішкі істер министрі сайғақтарды атып жүрген Қызылорда облысының азаматтары екенін атап өтті.

"Олар екі көлікте болған. Ал қылмысқа бір көліктегі үш адам қатысқан", - деді министр.

Ішкі істер министрі кінәлілердің тұлғалары басқа көлікте болған аңшылар арқылы анықталғанын жеткізді.

"Бұл полиция қызметкерлері емес", - деді ол.

Сондай-ақ, Қасымов ұрған инспекторларды ТЖ санавиациясы арқылы неге тасымалдамаған деген сұраққа жауап берді.

"Біріншіден, қылмыскерлер инспекторлардың көліктерінің кілтін алып , навигаторды жұлып алған. Сондықтан екінші көлік инспекторды ауруханаға апарғанша ұзақ уақыт жоғалтып алған", - деді министр.

Ал Төтенше жағдайлар тікұшағын пайдалануы ауа райына байланысты мүмкін болмаған.

Қасымов таңертең ұшақ жібермек болғанын, алайда ауа райына байланысты жібере алмағанын айтты. Оған қоса, министр "адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 13 қаңтар күні Қарағанды облысында киіктерді атқан браконьерлер инспекторды өлтіріп кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773674-kasymov-karagandyda-inspektorlarga-zasalgan-sabuylga-pikir-bildirdi/

pixel