Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сасық шұлықтарыңды жақсы көремін": Танымал әнші сүйіктісіне сезімін білдірді

Опубликовано:

Әлемге танымал әнші Майли Сайрус сүйіктісіне деген махаббатын ерекше түрде жеткізіп, көпшілікті таңғалдырды. Шоу-бизнес жұлдызы ғашығын жантебірентерлік жазба арнап, оның сасық шұлықтарына дейін жақсы көретінін айтқан деп жазады segodnya.uа сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Майли Сайрус пен Лиам Хемсворт жақында ғана некесін қиып, ресми түрде ерлі-зайыптылар атанған. Күйеуінің туған күніне орай әнші оған тосын сый жасап, желіге оны қалайша сүйетінін жеткізген.

"Біз алғаш танысқанымызда сен 19 жаста едің. Бүгін сен 29-ға келдің. Сенің маған, біздің шошқаларға, иттерге, мысықтарымызға, жылқылар бен балықтарымызға қалай қарайтыныңды сүйемін. Сенің өз отбасыңа, достарыңа, бөтен адамдарға және өмірге деген көзқарасыңды сүйемін. Сенің мұхитқа қалай қарайтыңды және үнемі уақыт таба алу ерекшелігіңді сүйемін. Сенен ауа райын сұрағанда ұялы телефонға емес, далаға шығып қарайтының үшін сүйемін.

Маған сенің түстерді таңдап, сурет салғаның ұнайды. Мен еденде жатқан сенің сасық шұлықтарыңды сүйемін. Себебі, олар сенің үйде екеніңді білдіреді. Ұйықтар алдында түрлі тағам рецептерін қарағанды ұнатамын. Өйткені таңертен екеуміз соны бірге әзірлейміз. Екеуміздің өз тілімізде сөйлесіп, бір-бірімізді жақсы түсінетіміз ұнайды. Кейде, тіпті үнсіз. Сені мені тыңдап, маған қамқор болғаның үшін жақсы көремін" , - деп жазды танымал әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773680-sasyk-slyktarydy-zaksy-kremin-tanymal-nsi-sjiktisine-sezimin-bildirdi/

pixel