Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 1 миллион теңгеге бостандықты уәде еткен шендінің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Ақтөбе колония бастығының орынбасары Нұрмахан Рақымжанға алаяқтығы үшін 9 миллион 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынған хабарлайды diapazon сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: diapazon
фото: diapazon: Facebook

Нұрмахан Рақымжан Ақтөбе қаласындағы 168/2 түзету мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Ол сотталушыға 1 миллион теңгеге мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына уәде берген. Нәтижесінде ол өзі айыпталушылар орнынан табылған.

Сот алаяқтығы үшін Нұрмахан Рақымжанды кінәлі деп танып, оған 9 миллион 600 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773693-aktbede-1-million-tegege-bostandykty-ude-etken-sendini-basy-blege-kaldy/

pixel