Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кайли Дженнер өзінің рекордын бұзған жұмыртқадан өш алды

Опубликовано:

Әйгілі модель Кайли Дженнер өзінің рекордын жаңартқан жұмыртқадан өш алды. Бұған дейін әлемдік жұлдыздың фотосы Instagram желісіндегі ең көп лүпіл жинаған сурет болып саналған еді деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: spletnik.ru
Коллаж: spletnik.ru: Depositphotos

Әйгілі Ким Кардашьянның сіңлісі ең көп лүпіл жинаған суретін жай жұмрытқа басып озғанына ашуланса керек, ол Instagram парақшасына жұмыртқаны жарып жатқан сәтін жүктеген.

Кайли Дженнер бұл қылығымен желіні шулатқан жұмыртқадан өш алмақ болса керек.

Көпшілік бойжеткеннің видеосына түрлі пікір қалдырып, күлкіге қарық болғанын жасырмады.

Айта кетейік, Кайли Дженнерге тиесілі рекорд 18 миллион болған. Алайда, желіні шулатқан жұмыртқа бұл көрсеткіштен екі есе асып түсті.

Қазіргі таңда, оған 47 миллионға жуық адам лүпіл басқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773701-kajli-dzenner-zini-rekordyn-bzgan-zmyrtkadan-s-aldy/

pixel