Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халал деп алғанбыз": Жаңаөзенде шұжықтан тірі құрт шықты (видео)

Опубликовано:

Жаңаөзен қаласының тұрғыны дүкеннен алған шұжықтан тірі құрт шыққанын айтты. Тұрғын оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге де жариялаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Коллаж: NUR.KZ/ elhovkampk.ru , Видеодан кадр
Фото: Коллаж: NUR.KZ/ elhovkampk.ru , Видеодан кадр: Facebook

Желіде жұрттың жиіркенішін туғызған видеода жаңаөзендік тұрғын шұжықтан 2-3 сантиметрлік тірі құртты алғанын айтқан. Ол шұжықтың сыртында "Халал" деп жазылғанына таң қалыпты.

Дегенмен дін өкілдері: "Халал Даму" ЖШС ҚМДБ-ның рұқсатымен мекемелер мен кәсіпорындарға арнайы сараптама жүргізіп, сертификат береді. Діни басқарманың арнайы логотипі тұрғанына көз жеткізіп, соған баса назар аударған дұрыс" деп отыр.

Ал Жаңаөзен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары тұрғындардан арыз-шағым түспесе, қай сауда нүктесі екенін анықтау қиын екенін айтады.

Алайда, олар видеоны әлеуметтік желіге жүктеген нөмір иесін ПБ арқылы анықтап, сауда нүктесін білуге тырысып жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773703-halal-dep-alganbyz-zaazende-szyktan-tiri-krt-sykty-video/

pixel