RU
Алматыда өз әріптесін атып өлтірген полицейдің соты басталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда өз әріптесін атып өлтірген полицейдің соты басталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда өз әріптесін атып өлтірді деп айыпталған полицей Азамат Берістемовке қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сәбит Бегланұлы. Фото: Алматы телеарнасы

Сәбит Бегланұлы. Фото: Алматы телеарнасы

Азамат Берістемов мамандандырылған ауданаралық сотта Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотталып жатыр.

Күдікті сотта өз кінәсін мойынаду туралы сұраққа нақты жауап берген жоқ. Ол тек күйеу баласын өлтіремін деп ойламағанын айтты.

Айта кетейік, Азамат Берістемов өз туысы болып табылатын әріптесі, қарындасының бұрынғы күйеуі Сәбит Бегланұлын атып өлтірді деп күдіктеліп отыр.

Кезекшілікке түскен Берістемұлы Бегланұлы болған қызметтік гаражға барған. Сол уақытта екі азаматтың арасында төбелес басталып, күдікті әріптесін атып жіберген.

Зардап шеккен полицей тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты.

Артынша Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов оқиғаның мән-жайын айтты.

Азамат Берістемовтің қарындасы үшін кек алмақ болғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel