Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 жастағы қазақ қызы "Miss Intercontinental" байқауында бақ сынамақ (фото, видео)

Опубликовано:

24 жастағы Әзиза Тоқашева есімді бойжеткен халықаралық "Miss Intercontinental" конкурсына қатыспақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Азиза Токашова. Фото: missintercontinental.de
Азиза Токашова. Фото: missintercontinental.de: UGC

Әзиза Тоқашеваның негізгі мамандығы экономист болғанымен, ол модель ретінде танылған.

Сондай-ақ, жас ару балет, теннис, йогамен әуестенеді. Тіпті әдеби кітаптар оқып, атқа мінуді де ұнатады екен.
Азиза Токашова. Фото: missintercontinental.de
Азиза Токашова. Фото: missintercontinental.de: UGC

Қазақстандық арудың визит картасы халықаралық байқаудың ресми парақшасында жарияланған.

"Мен шағын қалада өмірге келдім. Үнемі жетістіктерге жетуді арман еттім. Кішкентайымнан балетпен шұғылданғанмын. Менің отбасым барлық істе мені қолдап жүреді", - деді Әзиза.
Азиза Токашова. Фото: missintercontinental.de
Азиза Токашова. Фото: missintercontinental.de: UGC

Бойжеткеннің айтуынша, "Miss Intercontinental" байқауы ол үшін үлкен жетістік болып саналады.

Сонымен бірге, жас қыз халықаралық байқауда өзінің жеңімпаз болатынына сенімді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773765-24-zastagy-kazak-kyzy-miss-intercontinental-bajkauynda-bak-synamak-foto-video/

pixel