RU
Түркістан облысында алты жасар қызға тиіскен күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында алты жасар қызға тиіскен күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының тəртіп сақшылары алты жасар қыз балаға азғындық әрекеттер жасады деп күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында алты жасар қызға тиіскен күдікті ұсталды

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2019 жылдың 15-ші қаңтарында Сайрам аудандық жергілікті полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторына бүлдіршіннің əкесі шағымданып келген.

Оның айтуынша, белгісіз біреу қызына тиіспек болыпты. Оқиға орнына мектеп оқушысының ата-анасымен бірге келген полицейлер күдіктіні ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізген.

"Арыз Сайрам АПБ да тіркеуге алынып, Қылмыстық кодекстің "кəмелетке толмағандарға арсыз қылық көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Күдікті қамауда. Арнайы сараптамалар тағайындалған", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
5
3
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel