Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда пәтерлердің бірінен 23 жастағы жігіт өлі табылды

Опубликовано:

Павлодардағы пәтерлердің бірінен 23 жастағы жігіттің өлі денесі табылды. Қазіргі уақытта ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:ww.sutynews.ru
Фото:ww.sutynews.ru: Instagram

Жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің айтуынша, қоңырау таңғы уақытта келіп түскен.

Ал оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер 23 жастағы павлодар тұрғынының өлімін тіркеген.

Сондай-ақ мамандар жігіттің неден өлгенін анықтай алмағандарын айтты.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалу үстінде.

"Қазіргі уақытта "Өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлеу" бабы бойынша тергеу амалдары атқарылып жатыр", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773774-pavlodarda-pterlerdi-birinen-23-zastagy-zigit-li-tabyldy/

pixel