Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада әйеліне жедел жәрдем шақырған ер адам дәрігерге пышақ сұғып алды

Опубликовано:

Елордалық тұрғын ес-түссіз жатқан келіншегіне жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Көрсетілген мекен-жайға жеткен ақ халаттылар әйелге көмектесуге асығады. Алайда оларға пышақпен шабуыл жасаған күйеуі кедергі келтіріпті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: belnovosti.by
Көрнекі фото: belnovosti.by: Facebook

Оқиға 15 қаңтарда орын алған. Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінде хабарланғандай, оқиға орнына жеткен дәрігерлер ес-түссіз жатқан келіншекті көрген.

Олар тез арада әйелді ауруханға жеткізу туралы шешім қабылдапты. Бұл уақытта ішімдікке сылқия тойған күйеуі еш қарсылық тудырмаған екен

Артынша медицина қызметкерлері келіншекті кішкентай баламен бірге ауруханаға жеткізе алмайтындарын айтқан. Сол кезде оның мас күйде тұрған жұбайы ашуға булыға бастапты.

"Ол келіншегін ауруханаға баламен бірге алып кетуімізді қалады. Алайда, бригада олай істей алмайды. Ол тәртіпке қарсы.
Сол кезде азамат ас үй пышағын алып, фельдшердің басынан ұрды. Қазір оның жағдайы орташа. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Айгерім Ардақ.

Бұл Астанадағы фельшерлерге шабуыл жасалған алғашқы жағдай емес екені. 2018 жылы мұндай сегіз жағдай тіркелсе, жыл басынан бері екі оқиға орын алыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773776-astanada-jeline-zedel-zrdem-sakyrgan-er-adam-drigerge-pysak-sgyp-aldy/

pixel