Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Тен өлімі: Жанар Толыбаеваға тағылған айып алынып тасталды

Опубликовано:

Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілердің бірі болған Жанар Толыбаеваға "алдын-ала келісілген ұрлық" бабы бойынша тағылған айып алынып тасталды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Толыбаеваға алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс пен ұрлық туралы хабарламағаны үшін айып тағылған.

Алайда бүгін ол қылмысты хабарламағаны үшін төрт жылға сотталды.

Сотқа Жанар Толыбаеваның ата-анасы қатысты. Көзі жасқа толған анасы үкіммен келіспейтінін, қызын қылмыскер деп санамайтынын айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Ол ешқашан қылмыс жасаған емес. Ол жақсы мұғалім. Бұл жай ғана кездейсоқтық", - деді ол.

Толыбаеваның адвокаты аппеляцияға беруге ниетті екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773784-denis-ten-limi-zanar-tolybaevaga-tagylgan-ajyp-alynyp-tastaldy/

pixel