Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тікұшақ апатында көз жұмған ұшқыштың аты-жөні анықталды

Опубликовано:

Алматыда тікұшақ апатында көз жұмған ұшқыштың аты-жөні анықталды. Валентин Шитов жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Азаматтық авиацияның баспасөз қызметі
Фото: Азаматтық авиацияның баспасөз қызметі: UGC
"2019 жылдың 17 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша 15.59-да Sky-service авиакомпаниясының "Еврокоптер-130" тікұшағы Боралдай әуежайынан "Үлкен Алматы" алаңына қону пунктіне ұшып келе жатқанда апатқа ұшырады. Бортта бір ұшқыш-әуе кемесінің командирі Валентин Викторович Шитов болған. Ол ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Фото: Азаматтық авиацияның баспасөз қызметі
Фото: Азаматтық авиацияның баспасөз қызметі: UGC

Аталған жағдайға қатысты Инвестициялар және даму министрлігі көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тергеу жұмыстарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773788-almatyda-tiksak-apatynda-kz-zmgan-skysty-aty-zni-anyktaldy/

pixel