RU
Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер қанша өтемақты төлейді?
Жаңалықтар Қоғам

Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер қанша өтемақты төлейді?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда Денис Теннің ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Соңғы сот отырысында судья күдіктілерге қатысты үкім шығарып, олардың қандай мөлшерде өтемақы төлеуі қажет екені айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Қылмыстық кодекстің 198 бабы 5 тармағына сәйкес жәбірленушілер өтемақы қорына Құдайбергенов арман – 30 АЕК (72150 теңге), Қиясов Нұралы – 30 АЕК (72150 теңге), Толыбаева Жанардан – 20 АЕК көлемінде мәжбүрлі төлем өндірілсін.

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов мемлекетке келтірген шығандары үшін 1 млн 860520 тенге, екеуінен 930 260 тенгеден өндірілсін.

Сотталған Құдайбергеновтен жәбірленуші Атабаевтың пайдасына 410631 теңге, ал жәбірленуші Шамшиевтің пайдасына 100 мың теңге материалдық шығын ретінде мемлекет пайдасына 5160 теңге БАЖ салығы өндірілсін", - деді судья Кеңшілік Абдельдинов.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотында судья Кеңшілік Абельдинов қазақстандық спортшының өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімін оқыды.

Сонымен қатар, Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі болған Жанар Толыбаеваға "алдын-ала келісілген ұрлық" бабы бойынша тағылған айып алынып тасталды.

Сотқа Жанар Толыбаеваның ата-анасы қатысты. Көзі жасқа толған анасы үкіммен келіспейтінін, қызын қылмыскер деп санамайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel