RU

"Кешірім сұра": Желіде соққыға жығылған қыздардың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде аяусыз соққыға жығылған қыздардың видеосы тарады. Бұл жағдайдың мән-жайын полиция қызметі анықтады деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Бейнежазба кадрларынан үш қыздың тізерлеп отырғанын аңғаруға болады. Ал олардың құрдастары қыздардан кешірім сұрауды талап етіп тұр.

Одан бөлек, кикілжің ұйымдастырған қыздар өз құрбандарының шашын жұлып, беттерінен ұрған.

"Қазір жасөспірім қыздардың әрекеті көрсетілген видео бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. "Адамдар тобымен бұзақылық әрекеттер жасау фактісі" бойынша іс ашу көзделіп отыр",- деді Садубаев.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта бейнежазбадағы қыздардың кім екені анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773798-kesirim-sra-zelide-sokkyga-zygylgan-kyzdardy-videosy-tarady.html