RU
Шымкентте 9 жасар оқушыны зорлады деген жігіт туралы сұмдық жайт анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 9 жасар оқушыны зорлады деген жігіт туралы сұмдық жайт анықталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тоғыз жасар қыз баланы зорлаған деп күдіктелген жігітке қатысты жаңа ақпарат пайда болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Үйірмеден үйіне қайтып келе жатқан бүлдіршінді күдікті азамат "сүйкімді күшіктерді көрсетемін" деп құрылысы аяқталмаған үйге алдап апарған.

Кейіннен қаннен қаперсіз соңынан еріп келген тоғыз жасар қызға күш қолданған ол өзінің арам ойын жүзеге асырған көрінеді.

Таксиге мініп, оқиға орнынан бой тасалаған күдікті жігіт алдымен Арыс қаласына, сосын туған анасы мен өгей əкесі тұратын Алматы қаласына қарай қашқан.

Оның алғашында Шымкентке жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Бір апта бұрын қалаға қайтпақ болған жерінен Алматы вокзалында қолға түскен болатын.

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамау, күзетпен бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкция берді.

"Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 4-ші бөлігімен 1998 жылы туған Арыс қаласының тұрғыны қамауға алынды. Екі ай мерзімде тергеу кезінде қамауда болады", - деп хабарлайды аталған соттың судьясы Сержан Айнабеков.
Сіздің реакцияңыз
11
4
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel