Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік инвестор мен Ақтау әкімдігінің арасындағы дау тоқтар емес

Опубликовано:

Ақтауды жарқыратамын деп 500 миллион теңге шығынға батқан қытайлық компания мен Ақтау әкімдігінің арасындағы тартысқа нүкте қойылар емес. Бұл туралы 24 арна хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Ақтау әкімдігі мен шетелдік инвестор арасындағы дау әлі жалғасуда
Ақтау қаласы. Фото: www.ntg.kz: Instagram

Даудың басы жарқырап тұрған диодты шамнан басталып, аяғы сотқа ұласқан.

Қытайлық компанияның ресми өкілі Гүлмира Жүсіпованың сөзінше, инвесторлар пилоттық жоба ретінде Ақтауға 81 шам орнатқан. Жергілікті шенеуніктер энергияны 92 пайызға үнемдеуге болатын шамға көз жеткізіп, бүкіл қаланы диодты шаммен ауыстыруға кіріседі.

Инвестордың айтуынша, пилоттық жобаны Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өзі мақұлдап, Ақтау қаласының әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров Қытайдағы зауытқа барып қайтқан.

Жаңа шамдардың бейне бақылау, радар, wi-fi, көлік пен ұялы телефонды зарядтау сынды 14 түрлі қосымша қызметі бар. Осыған қызыққан «Ақтау электр желілері басқармасы» қытайлық компаниямен келісімге отырады.

Шетелдік инвесторлар шаһарға 7 мың 239 шам орнатамыз деп келісім шарт та жасасқан. Компания Ақтауға алдымен 2 мың шам әкелген. Бірақ, тауар жеткізілген бойда, әкімдік тапсырыстан бас тартып, қытайлық инвесторды сотқа береді.

«Келісім шартта шамдарды белгілі бір мерзімге дейін жеткізу туралы нақты жазылмаған. Сөйте тұра олар бізге САММИТ басталғанша орнатпадыңдар деп ақшасын төлеуден бас тартып, сотқа берді. Алайда біз ешқандай шарт бұзбағандықтан, сот үкімі біздің пайдаға шешілді. Енді әкімдік облыстық сотқа шағымданған болатын. Әділдікке жетеміз деп сенемін», - дейді қытайлық компанияның ресми өкілі Гүлмира Жүсіпова.

Әкімдіктегілердің сөзінше, келісім шарт қаланы жарық диодты шамдармен жабдықтау үшін жасап, Қытай инвесторлары 25-ші шілдеге дейін тапсырысты толық орындауы қажет болатын.

Алайда, олардың өз міндеттемелерін орындап үлгермейтінін білген соң, 2-ші тамыз күні тиісті хат жолдап, келісімшартты бұзуға шақырған.

Соңы сотқа ұласқан көріктендіру жұмысының дауының немен тынары енді облыстық сотта белгілі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773811-seteldik-investor-men-aktau-kimdigini-arasyndagy-dau-toktar-emes/

pixel