RU
Отандық блогер сахнада боқтық сөз айтқан танымал әншіге мақтауын жаудырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық блогер сахнада боқтық сөз айтқан танымал әншіге мақтауын жаудырды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше, 16 қаңтар күні Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында "Ұмытыңдар оны.." атты су жаңа спектакльдің тұсауы кесілді. Осы орайда, "Алашұлы" тобының әншісі - Мақсат Рахмет басты кейіпкерді сомдаған трагикомедия туралы пікірлер желіні шулатып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Тек 16 жастан асқан көрермендерге арналған қойылым туралы жас журналист әрі блогер, Bugin.kz бас редакторы Марғұлан Ақан алғашқылардың бірі болып өз пікірімен бөлісті.

Мақсат Рахмет сомдаған кейіпкердің спектакльде боқтық сөз айтқан тұсына назар аударған блогер оны тек идеяны жеткізуде қолданылған кәсіби сахна тәсілі екенін алға тартады.

Facebook желісіндегі жазбасын да сол сөзбен бастаған ол мұнысын "мәдениет ошағы боп саналатын театрда да кейде кейіпкерлер боқтық сөз айтуға мәжбүр" деген сарында түсіндіреді.

"Кешегі "Ұмытыңдар оны" атты премьерада "Алашұлы" тобында ән салатын Мақсат мырзаны жаңа қырынан таныдым (таныдық па?).

Жұлдызбек Жұманбай режиссердің бұл қойылымы Гориннің аудармасы негізінде алынған. Трагедия мен комедия араласқан саяси сахна.

Қақпағы жабық тұрған қоғамның ішіндегі тартыс, бүгінгі "хайп" қуған қазақтың келбетін "атың шықпаса, жер өрте" деп баға беріп кеткен бабасының сөзімен әрлеп берген қойылым болды.

Сіз бен біздің жалаңаш образымыз, қос анарын жауып түскен суреттеріміз, ерлердің ез болып әйелге лайық қылық көрсетіп, көгілдір болып жатқан әрекеттеріміз Геростраттың қасында ойнамай қалатын анық", - деген журналист кейіпкерлердің әрекетін талдай келе спектакльге жоғары бағасын берген

"Кім не десе де, іштей "мә" деп отырғандардың бәрі орнынан тұрып, "мәссаған" деп қошемет көрсетті.

Неге? Себебі, залда отырған әйелдер қауымына жалаң денесін көрсеткен Герострат ұнап қалды, жігіттер қауымына әрине Климентина...

Ұжымға алғыс! Бұл бір сатыға көтерілген жеңістің баспалдағы деп қабылдадым.

Бәрін жазып қойсам, ешкім бармай қояды. Мен тек бергі жағын айттым, арғы жағы сахнада жатыр...", - дейді Марғұлан Ақан.

Сіздің реакцияңыз
4
4
7
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel