RU
"Сағаты 590 мың теңге": Алматыда құлаған тікұшақ туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

"Сағаты 590 мың теңге": Алматыда құлаған тікұшақ туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы шипажай аумағында құлаған тікұшақты франциялық компанияға шығарған. Ол 2017 жылдан бастап Sky Service әуе компаниясына тиесілі тікұшақ туристік-экскурсиялық бағытты қолданылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sky-service.kz

Фото: sky-service.kz

Компания сайтында хабарланғандай Eurocopter-130 маркалы тікұшағының бір қозғалтқышы бар. Ол сағатына 220 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ұшудың практикалық ауқымы - 620 шақырымды құрайды. Ең жоғарғы биіктігі - 7 540 метр.

Тікұшақтың алты орны және үш жүк салатын багажы бар. Негізінен, туристік ұшу кезінде, сондай-ақ таудағы жұмыста қолданылады.

Фото: sky-service.kz

Фото: sky-service.kz

Аталмыш тікұшақта бір сағат ұшу құны - 590 мың теңгені құрайды. Күрделі ұшу кезіндегі бағасы - 649 мың теңге.

Тікұшақ ұшқыштың басқаруына оңай болатындай жасалған. Рөлі сол жағында орналасқан. Қону кезінде көру бұрышы жақсы ойластырылған.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда тікұшақ құлап, бортта болған ұшқыш көз жұмған еді.

Кейін марқұмның аты-жөні де белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
8
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel