RU
Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері болып 53 жастағы Михаил Билек тағайындалды. Бұл туралы Sports.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Михаил Билек. Фото: Teraz.sk

Михаил Билек. Фото: Teraz.sk

Билек көптеген командаларда бапкерлік қызметте болған.

Соның ішінде чехиялық "Теплица", "Хмел", "Виктория", "Спарта" және тағы басқа клубтарды жаттықтырыпты.

Сондай-ақ, "Картахинес" (Коста-Рика), "Ружомберок" (Словакия) және "Динамо" (Грузия) сияқты шетел клубтарында қызмет еткен.

Чехияның 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамасынының бапкері болған.

4 жыл бұрын (2009-2013) Чехия ұлттық құрамасының бапкері атанып, 2012 жылғы Еуропа чемпионатында төрттік финалға дейін жеткен.

Еске сала кетсек, 17 қаңтар күні Стонимир Стоилов Қазақстан құрамасының бапкері қызметінен кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel