RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 18 қаңтар күні, Қазақстанның бірқатар аймағында құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі болжанады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Тұман. Фото: NUR.KZ

Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл, Ақмола облыстарында да тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғады. Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі, Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel