RU
Алматыдағы тікұшақ апаты: Пилот оны адамдар жоқ жерге әдейі бұрған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыдағы тікұшақ апаты: Пилот оны адамдар жоқ жерге әдейі бұрған

Рассказать Вконтакте

Алматыда орын алған тікұшақ апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Қайғылы оқиға күні кеше орын алған болатын. Валентин Шитовтың басқаруында болған тікұшақ апатты жағдайға тап болды.

Анықталғандай, апатқа қолайсыз ауа райы, нақтырақ айтқанда, тұман себепкер болса керек.

Көптеген тұрғындар марқұм пилоттың нағыз ерлік жасағанын айтуда. Олар Шитовтың адамдарды құтқарып қалмақ болып, тікұшақты басқа жаққа бұрып жібергенін батырлыққа балады.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Өкінішке орай, ол ауруханаға жетпей қайтыс болды.

Tengrinews.kz агенттігінің мәлімдеуінше, Шитов апатта алған аса ауыр жарақаты салдарынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер тек оның өлімін анықтауға ғана қауқарлы болыпты.

"Досымнан айырылу - барша ұшқыштар үшін орны толмас қаза. Біз марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз" , - деді марқұмның әріптесі Валерий Севастьянов.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
13
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel