RU
"Ислам мемлекеті" Магнитогорскіде болған жарылыстарды мойнына алды
Жаңалықтар Әлемде

"Ислам мемлекеті" Магнитогорскіде болған жарылыстарды мойнына алды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Магнитогорск қаласындағы көпқабатты үй мен шағын автобустағы жарылыстарды Ислам мемлекеті террорлық ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) өз мойнына алды. Бұл туралы лаңкестердің интернет белсенділігін қадағалайтын SITE Intelligence Group жазған деп Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: plainnews.ru

Фото: plainnews.ru

Басылым террориcтердің Al Naba газетіндегі мақалаға сілтеме жасайды.

Directorate 4 телеграм арнасы материалдың скриншотын жүктеді. Арна авторлары бұл мақалада шабуыл туралы толық мәлімет бермейтінін түсіндірген.

Лаңкестер шабуылды ұйымдастырғандардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын ұзақ үнсіздікпен жеткізіпті.

Магнитогорсктегі Карл Маркс көшесінде орналасқан тұрғын үй ғимаратының кіре берісі өткен жылдың 31 желтоқсан күні таңертең құлаған болатын.

Қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің саны 39 адамға жетті.

Ресей Федерациясының тергеу органдары жарылғыш заттардың белгілерін таппады. Оқиға "газдың жарылуынан орын алды" деген нұсқа айтылды.

Үйінді астында бір жарым күн бойы жатқан сәби аман қалған.

Сондай-ақ, 1 қаңтар күні Магнитогорскте шағын автобус жанған. Соның салдарынан үш адам қайтыс болды.

Кейінірек Ресейдің Шахты қаласындағы көпқабатты үйде де газ жарылды. Құтқару операциясы кезінде ғимараттан 140 адам эвакуацияланды. Бір адам үйінді астында қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel