RU
"Крещение мейрамында" мұсылмандарға суға шомылуға бола ма?
Жаңалықтар Қоғам

"Крещение мейрамында" мұсылмандарға суға шомылуға бола ма?

Рассказать Вконтакте

Ресей мұсылмандары діни жиналысының төрағасы, мүфти Альбир Крганов православтардың "крещение мейрамы" кезінде мұсылмандардың суға түсуі жөнінде пікір білдірді. Ол көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берген деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Владимир Трефилов

Фото: Sputnik / Владимир Трефилов

Діни қызметкер мұсылмандарға суға түсуге болатынын жеткізіп, бірақ оны христиандардың шомылу салты аясында жасамаған жөн екенін айтты.

"Мұзды суға түсуге негізі болады. Бірақ, мұсылмандарға христиандардың діни шомылуына қатыспаған жөн. Себебі бұл діндегі отандастарымыздың өзіндік дәстүрлері бар" , - деді Альбир Крганов.

Не себепті "крещение мейрамы" кезінде суға түсуге болмайтынын мүфтий былай деп түсіндірді.

"Әрбір адамның ішінде иман бар. Егер ол суға түссе, ол оны тастап кетеді деген сөз емес. Негізі, бәрі адамның өз ниетіне тікелей байланысты.
Инабатсыз мұсылмандардың пікірін өршітпей, "мұзды суға шомылғандар мұсылман болмайды" деп ойлайтындардың сынына ұшырағыңыз келмесе, оны жасамай-ақ қойған жөн. Құран оқитын адамдар бұл әрекет салдарынан иманын жоғалтпайтынын жақсы біледі" , - деді Крганов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel