Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық азамат жақындарына сыйлық алу үшін ломбард тонаған

Опубликовано:

Қарағандыда ер азамат 31 желтоқсаны күні жергілікті ломбардқа суық қарумен шабуыл жасап, 700 000 теңгені алып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: laudator.ru
Көрнекі фото: laudator.ru: Facebook

Қалтасында көк тиыны қалмаған 34 жастағы жұмыссыз азамат жаңа жылды атап өтіп, жақындарына сыйлық беру үшін қылмысқа баруды ұйғарған. Ол ломбардты сырттай зерттеп, қызметкерлерінің санын, жұмыс барысын бақылаған.

Ол үшін ломбард тонауға ыңғайлы болыпты.

Күдікті күзетшілер жоғын, клиенттердің аз келетінін біліп алған.

Содан бетпердемен ломбардқа кіріп, суық қарумен қорқыту арқылы 700 мың теңгені алып кеткен.

Тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай құрықтаған.

Ұсталғаннан соң ол жақындары мен туыстарына сыйлық беріп, қуантқысы келгенін айтыпты.

Ұры расында сыйлықтар мен әшекейлер сатып алған.

Тәртіп сақшылары біреудің мүлкін қорқытып алып кетіп, жақындарының көңілін көтерген адамды бағалаған жоқ.

Қылмыскер жазасы үшін ҚК 192 бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін қамауға алынады.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 31 желтоқсанда Қарағанды қаласында ломбардқа шабуыл жасалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773866-karagandylyk-azamat-zakyndaryna-syjlyk-alu-sin-lombard-tonagan/

pixel