Выйти
RU

Отандық боксшы қыз Мэнни Пакьяоға қазақстандық шоколад сыйлады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық боксшы Аида Сатыбалдинова күллі әлемге әйгілі Мэнни Пакьяомен кездесті. Танымал спортшымен қауышқан бойжеткен оған қазақстандық шоколадты сыйға тарту еткен. Бұл оқиға жайлы боксшы қыз өзінің Instagram парақшасында бөлісті деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аида Сатыбалдинова әйгілі Мэнни Пакьяомен кездесу қалай өткені туралы желіде арнайы жазба қалдырған.

"Бүгін Мэнни Пакьяоның залында қонақта болдым. Мен оған сыйға тарту еткен Қазақстан туы бейнеленген былғары қолғапқа естелік ретінде өз қолымды қойып кеттім. Оған біздің "қазақстандық" шоколадтан дәм татқыздым.
Бүгін оның жаттығу залында ерекше әсер алдым. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны сезініп көру керек. Бұл кездесу мені одан бетер қанаттандырғандай болды. Алар белестеріміз әлі алда" , - деп жазған Сатыбалдинова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Отандық боксшы қыз Мэнни Пакьяоға қазақстандық шоколад сыйлады (фото)