RU
"Маңызы жоқ": Димаш өзі үшін әбігерге түскен жанкүйерлеріне басу айтты

"Маңызы жоқ": Димаш өзі үшін әбігерге түскен жанкүйерлеріне басу айтты

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген шетелдік сайтты сотқа бермек болған фанаттарына басу айтты. Қазақстандық әнші "Ғаламның үздік дауысы" байқауына қатысты пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.

"Қымбатты, достарым! Бүгін америкалық сайттардың бірінде дауыс беру өтіп жатқанын білдім. Онда менің де есімім аталыпты. Дауыс берып, қолдау білдірген барлық тыңдармандарыма алғыс білдіремін. Бірақ бұл дауыс беру ешқандай байқауға қатыссыз. Бұл бар болғаны желідегі сауалнама.
Сондай-ақ оның маңызы жоқ! Ештеңені шешпейді. Маған әрдайым қолдау білдіріп жүретін фанаттарыма шексіз алғысымды айтамын! Тыңдармандарымның мен үшін барын салуы - маған көрсетілген ең үлкен құрмет!", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің "Ғаламның үздік дауысы" байқауында бақ сынап жатқанын айтқан болатынбыз.

Сондай-ақ әнші дауыс беру аяқталғанша тізімнің 2-ші орнына көтеріліп, "Queen" тобының әншісі Фредди Меркьюри жол берді.

Ал күні кеше Димаштың тыңдармандары 2-ші орында тұрған әншінің 369-шы орынға бір-ақ құлағанын көріп, шу шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
15
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel