RU
Ақтөбеде жол ақысын төлей алмаған әжейді кондуктор қуып шықты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жол ақысын төлей алмаған әжейді кондуктор қуып шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Aktobe_zello парақшасында жол ақысын төлей алмаған әжейді қуып шыққан кондуктордың видеосы пайда болды. Әйел адам қарт кісінің үлкен жасына қарамай айқайға басқан деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Ақтөбенің өңірлік Instagram парақшасында жарияланған видеодан кондуктор әйелдің: "Түс бар! Нервымды қатырмай, түс! Түс, кет бар! Сөмкең далада", - деп айқалаған дауысы естіледі.
Ал әжей болса әйелге: "Балаларыма келе жатырмын. Сөмкемді қайта әкеліп бер", - дейді.

Осыдан кейін әжей автобустан шығып кеткен.

Видеоны түсірушінің айтуынша, әжейдің жол ақысын төлеуге ақшасы жетпей қалыпты.

Айта кетейік, автобустың іші адамға лық толы болғанымен, әжейге көмек көрсетіп, сөмкесін кіргезетін немесе орнына жол ақысын төлей салатын бір жан табылмаған.

Сіздің реакцияңыз
28
1
7
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel