RU

"Ерлігі ел есінде": Тоқаев браконьерлер өлтірген инспекторға жазба арнады

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында браконьерлердің шабуылынан қайтыс болған инспектор Ерлан Нұрғалиевтің есімі ел есінде мәңгілікке сақталатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: twitter.com/TokayevKZ
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: twitter.com/TokayevKZ: Twitter

Сенат төрағасы өзінің жазбасында қарақшылардың қолынан қаза тапқан инспектордың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

"Ерлан Нұрғалиев еліміздің қасиетті жануарын қорғап қаза тапты. Иманды болсын! Бұзақылар мен олардың жақтаушылары жазасын алуы тиіс. Батырымыздың ерлігі ел есінде мәңгілікке қалады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773900-erligi-el-esinde-tokaev-brakonerler-ltirgen-inspektorga-zazba-arnady.html