RU
Алматыдағы тікұшақ апатына қатысты болжамдар айтылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы тікұшақ апатына қатысты болжамдар айтылды

Рассказать Вконтакте

17 қаңтар күні Алматыда тікұшақтың құлауына байланысты мамандар үш нұсқа ұсынды. Бұл жайында ІІМ авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Нурлан Жумасултанов. Фото: NUR.KZ

Нурлан Жумасултанов. Фото: NUR.KZ

Алматыдағы санаторий маңына құлаған тікұшақтың сау-тамтығы қалмаған.

Жұмасұлтановтың мәліметінше, ұшқыш жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен.

"Тікұшақтың сау жері қалмаған. Қазіргі уақытта тергеу комиссиясы құрылды. Болжам бойынша, тікұшақтың апатқа ұшырауының үш нұсқасы болжанып отыр.

Олар: техникалық ақаулар, адами факторлар және нашар ауа райы жағдайлары.

Өздеріңіз білесіздер, кеше қаланы тұман басып қалды. Қазіргі уақытта үш нұсқа да тексеріліп жатыр", - деді Жұмасұлтанов.

Сондай-ақ, Нұрлан Жұмасұлтанов тікұшақтың Боралдай әуежайынан "Үлкен Алматы" алаңына қону пунктіне ұшып келе жатқанда апатқа ұшырағанын айтты.

Арнайы мамандардың мәліметінше, ұшқыш соңғы рет 16:05-те байланысқа шыққан. Алайда оның не айтқаны әзірге белгісіз. Ал тікұшақ 16:08-де апатқа ұшыраған.

"Ұшқыш өте тәжірибелі маман болған. Ол осыған дейін барлығы 4000 сағат ұшқан. Оның 2000 сағаты апатқа ұшыраған тікұшаққа тиесілі", - дейді Жұмасұлтанов.

Сонымен қатар, мамандар әлеуметтік желіде айтылып жатқан қауесетке де жауап берді.

"Тікұшақтың багы толы еді. Қардың болуына байланысты өрт болған жоқ. Барлық қалған мәліметтер тергеуден кейін белгілі болады", - деп түсіндірді басқарма бастығы.

Айта кетейік, 17 қаңтар күні болған тікұшақ апатынан ұшқыш Валентин Шитов қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel