Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шырын Нарчеваға ән арнаған қазақ жігіті желіні шулатты (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде атышулы Шырын Нарчеваға ән арнаған қазақ жігітінің видеосы пайда болды. Majorka.kaz парақшасында жарияланған азаматтың әні желіде қызу талқыға түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Аты-жөні белгісіз жас жігіт видеода Ернар Айдардың әнінің сөзін өзгертіп орындаған.

"Интернетті шулаттың,

Айттық саған доғар деп

"Жігіттер-ау" дедің сен, әрі ойна", - деп әндеткен қазақ жігіті.

Ал желі қолданушылары ер азаматқа түрлі пікірін жаудырды.

"Бұл сөздерді құлағына ілетін қыз болса қанекей?!", "Кеше ғана эфирден жұрттың бәріне теріс сөз айтып отыр еді ғой", "Бұл әніңнен кейін Шырын жұлдызға айналады, енді".

"Енді тынышталып келе жатқанда, нелерің бар?", "Басқаларға ән арнашы, айналайын".

"Шырын арқылы атағын шығарғысы келген жігіт қой, мынау", "Ұят екен", "Тыныш жүрсеңдерші, елді шулатпай" деп желідегілер жарыса жазған.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Шырын Нарчева әлеуметтік желіге жалаңаш кеудесіне қазақтың ұлттық әшекейін таққан суретін жүктеді.

Жас қыздың бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызып, оның бұл әрекетіне бір топ қазақ жігіттері қарсы шықты.

Ал жақында ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жартылай жалаңаш аруға қатысты өз пікірін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773931-syryn-narcevaga-n-arnagan-kazak-zigiti-zelini-sulatty-video/

pixel