Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ сауалнамасы: Қазақстанның ең әдемі қаласы анықталды

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын NUR.KZ порталы оқырмандар арасында "Еліміздің ең әдемі қаласын" анықтау үшін сауалнама жүргізген болатын. Арада екі күн өткенде оның нәтижесі шығып, Қазақстанның ең әдемі қаласы Шымкент деп танылды.

Фото:abctv.kz, booking.com,kyzylorda-news.kz. Коллаж: NUR.KZ
Фото:abctv.kz, booking.com,kyzylorda-news.kz. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде рейтингте Шымкент көш бастады.

Ал екінші орынға - Алматы, үшінші орынға - Қызылорда жайғасқан.

Киелі Түркістан өңірі - төртінші орынға табан тіреді.

Бесінші орынға - Ақтау, алтыншы орынға - Ақтөбе ие болған.

Сондай-ақ үздік ондыққа Астана, Өскемен, Атырау мен Семей қалалары да енген.

Ал ең аз дауыс жинағандардың қатарында: Тараз, Орал, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды қалалары бар.

Қазақстанның ең көрікті қаласының соңғы сатысында - Павлодар шаһары тұр.

Еске сала кетейік, NUR.KZ порталы "Еліміздің ең келбетті әкімі" атты сауалнама жүргізуде. Көңіліңізден шығатын әкімге дауыс беруді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773934-nurkz-saualnamasy-kazakstanny-e-demi-kalasy-anyktaldy/

pixel