RU
"Канело" Головкиннің әйгілі қарсыласымен кездесетін болды (фото)
Жаңалықтар Спорт

"Канело" Головкиннің әйгілі қарсыласымен кездесетін болды (фото)

Рассказать Вконтакте

WBC/WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес 4 мамыр күні (Қазақстан үшін 5 мамыр) IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобспен кездесу өткізетіні ресми түрде жарияланды. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: sports.kz

фото: sports.kz

Бұл туралы "Golden boy" проумоутерлік компаниясының twitter парақшасында хабарланды.

Бокс кешін АҚШ-тың DAZN ақпараттық серіктесі түсіреді.

Әзірге қос боксшының арасындағы жекпе-жек қайда өтетіндігі белгісіз.

Мамандар "Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында болады" деп болжап отыр.

Еске сала кетсек, "Канелоның" проумоутері Оскар де ла Хойя Сауль мен Гeнадий Головкиннің арасындағы үшінші кездесудің келіссөздері басталғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ танымал журналист Головкинге Альварестің орнына екі кездесу ұсынған еді.

Енді қазақстандық боксшы "Канеломен" болатын үшінші кездесуді кем дегенде қыркүйек айына дейін күтетін болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel