RU
Қырғызстанда "футболкамен" келген шенеунік мәжілістен қуылды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстанда "футболкамен" келген шенеунік мәжілістен қуылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан Жогорку Кенешінің вице-спикері Мирлан Бакиров мәжілістен Бастауыш кәсіптік білім беру агенттігінің қызметкері Талантбек Тынысовты футболкамен келгені үшін қуып шықты. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мирлан Бакировтың мұндай қадамға баруына шенеуніктің жұмыс талабына сай киінбеуі түрткі болыпты.

Талантбек Тынысов пейджактің ішінен жейде киюдің орнына, футболкамен келген. Депутат Алмаз Токторов аталған агенттіктің өкілі кім екенін сұрастырған.

Сол кезде Тынысов орнынан тұрып қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімін басқаратынын айтыпты.

Парламенттегілер оның футболкамен келгеніне қызығушылық танытқан.

Мемлекеттік қызметкер үстіндегі жемпір екенін, жоғары кеңестің отырысына жетекшісі ауырып қалғандықтан, аяқ-асты келгенін жеткізген. Біршама уақыттан соң вице-спикер Мирлан Бакиров Тынысовқа орнынан тұруды сұраған.

"Жогорку Кенеште қандай форма кию керектігі жазылған регламент бар. Бұл не? Жогорку Кенештің аппараты неге қарамайсыздар? Үкімет аппараты, үкіметтің өкілі бұл не базар?", - деп ашуланды заң шығарушы.

Ол шенеуніктің тізімде жоқ екендігін білдіріп, жиналыстан шығып кетуін ұсыныпты. Тынысов та айтқанын бұлжытпай орындап, отырыстан шығып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
2
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel