RU

Геннадий Головкин үшінші рет әке атанды

Қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин үшінші рет әке атанды. Отандасымыздың отбасында екінші ұл бала дүниеге келген. Бұл туралы қазақстандық бокс федерациясының сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Геннадий Головкин әйелімен. Фото: hauteliving.com
Геннадий Головкин әйелімен. Фото: hauteliving.com: Depositphotos
"Қазақстандық бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Геннадий мен оның жанұясына зор денсаулық пен отбасылық табыс тілейміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2007 жылы Алина есімді арумен шаңырақ көтерген танымал боксшының жаңа туған сәбиінен бөлек, бір ұлы мен қызы бар.

Геннадийдің Вадим атты баласы 2009 жылы дүниеге келсе, есімі әлі күнге дейін белгісіз қызы 2017 жылы өмір есігін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773958-gennadij-golovkin-sinsi-ret-ke-atandy.html