Выйти
RU

БҚО-да әйел үш жастағы қызды ұрып, ауруханадан шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында дене жарақттарын алған үш жасар қыз бала ауруханаға түсті деп хабарлайды Мой Город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: pavlodarnews.kz

Көрнекі фото: pavlodarnews.kz

Оқиға 14 қаңтар күні болған. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршін облыстық көпсалалы ауруханаға ауданнан жеткізілген.

"1985 жылы туған әйел 2016 жылғы балаға дене жарақаттарын салған. Қазір аталмыш фактіге қатысты ҚК 106 бабы 2 тармағы бойынша (Кәмелет жасына толмаған баланың денсаулығына қасақана зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді полициядан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүлдіршіннің жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда.

"Консервативтік ем қабылдауда. Жақсарып келеді. Қазір нейрохирургия бөлімінде жатыр", - деді ведомстваның баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова. .

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да әйел үш жастағы қызды ұрып, ауруханадан шығарды