RU
Айқын мен Жұлдыз Нью-Йоркке демалысқа аттанды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын мен Жұлдыз Нью-Йоркке демалысқа аттанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қыс мезгілінде әншілердің жұмысы тоқтап, той саябырситындықтан олар осы уақытты демалыспен өткізеді. Қаңтар айында өзге әріптестері секілді Айқын Төлепберген мен оның екінші әйелі Жұлдыз Өмірғалида Нью-Йоркке аттанған деп жазады NUR.KZ.

Жұлдызды жұп кішкентай ұлдарын да демалысқа ала кеткен.

Айқын да, Жұлдыз да желідегі парақшаларына саяхаттағы суреттерін жарыса жүктеуде.

Айқын өз жазбасында балаларын жылына екі рет шетелге демалысқа алып шығатынын жасырмады.

"Балаларым кішкентайынан жылына екі реттен дүние жүзінің түпкір-түпкіріне саяxаттап тұрады. Аллаға шүкір! Бірақ қай жерде жүрсе де, өз отанын сүйетін патриоттар болып өсетініне кәміл сенемін", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Айқынның Жұлдыз Өмірғалиді екінші әйелі етіп алғаны жайлы қауесет осыдан екі жыл бұрын тараған болатын.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоны әнші фильм түсірілімінен деп жасырғанымен, 2018 жылы олар ұлдарының туған күнін атап өтіп, өздерінің бірге екендерін мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз
11
3
3
0
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel