RU
Қарағандыда өлі қабандармен суретке түскен браконьерлер жұртты шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда өлі қабандармен суретке түскен браконьерлер жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде 13 өлі қабанмен суретке түскен бес браконьердің суреті пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook/ proastana

Фото: Facebook/ proastana

Бұл ақпаратпен Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында Күлбағда Мәдиева бөліскен.

"Бүгін бізге "Қансонар" қауымдастығының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінен тағы бір браконьерлік туралы ақпарат пен Қарағанды облысы ІІД бастығына хат көшірмесі келіп түсті.
Өкілдік қызметкерлерінің айтуынша, суретте рұқатсыз аң аулаған азаматтардың түрлері анық көрінген", - деді ол.

Жазбада суретке түсірілген аймақтың Осаков ауданы, бұрынғы Ағаштыкөл кентінің үйінділері екені айтылған хат та көрсетілген екен.

Фото: Facebook/ proastana

Фото: Facebook/ proastana

Хабарламада суретте 50-ге жуық жас төл алып келетін ересек қабандар бар екені айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда браконьерлердің қолынан қаза болған инспектордың өлімі Қазнетті дүр сілкіндірген еді.

"Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болғандырдың ізіне түсу кезінде орын алған.

Артынша полиция инспекторларды өлтірген азаматтарды анықтады.

Ал тірі қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаға полиция қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін айтты.

Ақбөкендерді қорғаймын деп ажал құшқан инспекторды кеше ақтық сапарға шығарып салды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
3
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel