RU

Сауда орталығынан 200-ден аса арбаны ұрлағандардың масқарасы шықты

Ресейдегі сауда орталықтарының бірінен 235 арба ұрлағандардың масқарасы шықты. Видеоға түсіп қалған адамдар дүкеннің арбаларын темірге өткізіп жіберген деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:amur.net
Фото:amur.net: Instagram

Ұрылардың видеосын Мәскеудің ІІД жария еткен.

Видеодан бірнеше ер адам арбаларды көлікке тиеп алып кеткенін көруге болады.

"Газель" жүк көлігіндегі азаматтар арбаларды темірге өткізу үшін ұрлаған", - дейді Мәскеу ІІД.

Айта кетейік, ұрлық жайында сауда орталығының қызметкері хабарлаған.

Қазіргі уақытта ұрылардың алғашқысы қолға түсті. Ол 22 жастағы Мәскеу азаматы болып шыққан.

Ал ұрланған заттың жалпы сомасы - 4 млн 879 мың теңгені (855 мың рубль) құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774013-sauda-ortalygynan-200-den-asa-arbany-rlagandardy-maskarasy-sykty.html