Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда инспекторларға шабуыл жасаған күдіктілерге іздеу жарияланды

Опубликовано:

Қарағанды облысында"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-нің инспекторларына шабуыл жасап, бірін өлтірген күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ішкі істер министрлігі
Фото: Ішкі істер министрлігі: UGC

Қарағанды облысының полиция департаменті осы жылдың 13-ші қаңтар күні Қарағанды облысы, Нұра ауданының территориясында өзінің қызметтік міндетін атқарып жүріп, қаза болған "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Кешенді тергеу шараларының нәтижесінде аталған ауыр қылмысқа қатысы бар үш тұлға анықталды. Күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабардар етті полициядан.

ІІМ азаматтардан егер күдіктілерге қатысты қандай да бір ақпарат білсе, тез арада Қарағанды облысының полиция департаментіне мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 8(7212)429204, 429190, 429025, 429026 немесе 102.

Еске сала кетейік, "Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болғандардың ізіне түсу кезінде орын алған.

Салдарынан қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды. Ал тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндап берген еді.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаға полиция қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін айтты.

Ақбөкендерді қорғаймын деп ажал құшқан инспекторды кеше ақтық сапарға шығарып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774018-karagandyda-inspektorlarga-sabuyl-zasagan-kdiktilerge-izdeu-zarialandy/

pixel