Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда үш айлық сәбиін ұрып өлтірген әйел сотталып жатыр

Опубликовано:

Павлодарда небәрі үш айлық сәбиін түнде ұйқы бермегені үшін сабап өлтірген 39 жастағы әйел сот алдында жауап беруде. Өз кінәсін толық мойынаған келіншек 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Павлодарда үш айлық сәбиін ұрып өлтірген әйел сотталып жатыр
Көрнекі фото: www.pravda.ru: Instagram

Жантүршігерлік қылмыс қараша айында болған. Ішімдікке сылқия тойған әйел нәрестесін маза бермегені үшін аяусыз соққы астына алыпты.

Ауыр жарақат алған үш айлық сәби сол мезетте жан тапсырған.

Оқиға орын алған күні үйде келіншектің кәрі әкесі де болыпты. Бірақ атасы немересіне араша түсіп үлгермеген.

Қатыгез ана өз кінәсін сотта мойындап отыр. Прокурор сол үшін де оның жазасын жеңілдетіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774025-pavlodarda-s-ajlyk-sbiin-ryp-ltirgen-jel-sottalyp-zatyr/

pixel