RU

Қостанай облысында мұзда тайып кеткен көлік ішінде үш адам көз жұмды

Қостанай облысында болған жол апаты өліммен аяқталды. Алдын ала жасалған деректер бойынша, көктайғақтың салдарынан көлік жолдың арғы жағына ұшып кетіп, жүргізуші әйел мен оның екі жолаушысы қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ аймақтық полицияға сілтеме жасай отырып.

Қостанай облысында мұзда тайып кеткен көлік ішінде үш адам көз жұмды
Көрнекі фото: chto-proishodit.ru: Instagram

Жол апаты бүгін, 18 қаңтарда, түстен кейін сағат үштер шамасында болыпты.

34 жастағы әйел кроссоверді өзі жүргізген. Болжам бойынша, көктайғақ мұздың үстінде машина қарсы жолға шығып кетіпті. Сол кезде жүргізуші әйел автобуспен соқтығысады.

Оқиға салдарынан әйел мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Жеке компанияға тиесілі автобустың ішінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774029-kostanaj-oblysynda-mzda-tajyp-ketken-klik-isinde-s-adam-kz-zmdy.html