Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 20 жастағы бойжеткенді бір топ жігіт жабылып зорлаған

Опубликовано:

Шымкентте 20 жастағы бойжеткенді бір топ жігіт жабылып зорлаған. Осыдан кейін күдіктілер жас қыздың кешіруін талап етіп, қорқыта бастаған деп жазады NUR.KZ.

Фото:korabelov.info
Фото:korabelov.info: Instagram

Бұл туралы адвокат Айман Омарова өзінің Facebook әлеуметтік желісінде айтып берді.

"Дәл қазір менің қолымда 20 жастағы қызды зорлағандардың ісі бар. Күдіктілердің бәрі қашып жүр. Шымкент қаласы Абай аудандық ІІБ-нің полиция бөлімшесі оларды іздеп жатқан да жоқ. Өйткені бәрі де жақын маңда жүр.
Жігіттер екі жақты келісімге келгісі келеді. Жабылып зорлағандармен қалай келісімге келуге болады? Қазір күдіктілер "Егер кешірмесе, онда көресіні көрсетеміз" деп қорқытып жатыр", - дейді Омарова өзінің парақшасына жариялаған видеода.

Ал Zakon.kz сайтының мәліметінше, қалалық полиция департаменті қазіргі уақытта 20 жастағы бойжеткенді зорлағандардарға қатысты тергеуді бастаған.

Сондай-ақ күдіктілердің кім екені де анықталған.

Қазіргі уақытта оларды іздестіру мен қамауға алу шаралары қолданылу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774035-symkentte-20-zastagy-bojzetkendi-bir-top-zigit-zabylyp-zorlagan/

pixel