RU
Ақбота Сейтмағамбет: Дәурен бес баламен тастап кетсе де қорықпаймын
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Сейтмағамбет: Дәурен бес баламен тастап кетсе де қорықпаймын

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана екінші нәрестесін өмірге алып келген Ақбота Сейтмағамбет Дәурен өзін тастап кетсе де, қорықпайтынын айтты. Актриса өзінің Insta-stories-інде желі қолданушысының сауалына жауап берген деп жазады NUR.KZ.

Instagram қолданушысының бірі Ақботаға: “Дәурен үш бала туғызып, тастап кетеді" деп ойламайсыз ба?”, - деп сұрақ қойған.
Ал актриса: "Үш баламен, бес баламен тастап кетсе де қорықпаймын. Мен балаларымды біреу үшін босанып, біреу үшін бағып жатқан жоқпын. Тек өзім үшін! Жақсы сөз айтайық. Алдағы уақытта не болатынын мен де, сіз де білмейсіз ғой. Пешенімізге не жазылғаны тек Аллаға ғана аян”, - деп жауап берген.

Айта кетейік, Ақбота Сейтмағамбет қаңтар айының басында Аиша есімді қыз баланы өмірге алып келді.

Бұл Ақбота мен Дәурен Айдарқұловтың ортақ екінші балалары.

Сіздің реакцияңыз
9
3
7
2
3
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel